Денсаулық

Тұмаудан сақтан!

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде инфекциялық ауруларға қатысты облыстағы  эпидемиологиялық ахуал бойынша брифинг өтті.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев тұмау, пневмония, жұқпалы вирусты инфекция бойынша 46 034 жағдай анықталғанын айтты. Науқастардың 31 462-сі 14 жасқа дейінгі балалар болып отыр. Аурушаңдық көрсеткіші  өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3  есеге өскен.

Тұмау вирусын анықтау мақсатында полимеразды тізбекті реакция әдісімен 1 118 сынама алынған. Барлығы теріс нәтижені көрсеткен.

— Соңғы аптада жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтыру бойынша 8182 жағдай тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 1,1 есеге өскендігі байқалды. Сондықтан күн салқында жұқпалы аурулардан барынша сақтанып жүрген жөн, — деді Мұхтар Сербаев.

Сондай-ақ жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы 109 400 доза вакцина сатып алынған. 103 556 адам екпе алған. Қазіргі уақытта  жұмыс берушілер есебінен және ақылы түрде екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button