Білім

Ақтөбе облысында мектеп оқушылары жұмысшы мамандығын қатар оқуда

2023 жылдан бастап Ақтөбе облысындағы үш колледжде эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді. Бұл бағдарлама аясында мектептердің 10-11 сынып оқушылары негізгі біліммен қатар, жұмысшы мамандықтарын игеруде. Жаңа оқу жылында бағдарламаға 128 студент қабылданды. Оның ішінде, Ақтөбе автожол колледжіне 58, Сервис колледжіне 40 және Ойыл кәсіптік колледжіне 30 студент оқуға түсті. Бүгінде 199 студент техник-механик, тігінші, ауыл шаруашылығын механикаландыру және аспазшы мамандықтары бойынша білім алып жатыр.

Бағдарламаға Ақтөбе қаласындағы №1 және №39 орта мектептері, сондай-ақ Ойыл қазақ орта мектебі қатысуда. Оқушыларға мамандықтарды игеру арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие болу мүмкіндігі берілуде. Бұл бастама өңірдегі кадр тапшылығын азайтуға және жастарды еңбекке баулуға бағытталған.

2025 жылдың қаңтарында алғашқы түлектерге дипломдар табысталады. Осылайша, мектеп түлектері еңбек нарығына дайын маман болып шығады деп күтілуде.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button