Айтыскер Арай
Бәрекелді!
Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің «Төрт тоқсан — төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Егемендігім — елдігім» атты республикалық «Қола домбыра» балалар айтысы өткізілді. Бұл жоба оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға бағытталған.
Жас ақындар сайысында еліміздің 20 өңірінен 22 жас өнерпаз қатысып, өз өнерін ортаға салды. Жарыс барысында әр аймақтың балалары ұлттық өнерді насихаттап, өлеңдер арқылы өз туған жерінің ерекшеліктерін паш етті. Сөз додасында ерекше көзге түсіп, жоғары өнер көрсеткен Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 орта мектептің 11-сынып оқушысы Арай Нұрадин жүлделі екінші орынға ие болды. Осы жетістігі үшін Арайға 300 мың теңге көлемінде арнайы сертификат табыс етілді. Сондай-ақ айтыскер ақын Аманжол Әлтаевтың қолдауымен ол республикалық «Алтын домбыра» сайысына жолдама алды.
Жас ақынды тәрбиелеп, жетекшілік еткен Нұрболат Дәуітовтіңде еңбегі еленіп,Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Дария АБДУЛЛИНА,
Ақтөбе қаласы.