Білім

2041 оқушы бақ сынайды

Олимпиада

Мәртөк ауданындағы №4 Мәртөк орта мектебінде ауыл балаларына арналған Iqanat олимпиадасының бірінші турының ашылу салтанаты өтті.

Iqanat олимпиадасы биыл облыстың барлық ауданында өтеді. Оған 2041 қатысушы тіркелген. Бұл олимпиаданың дәстүрлі тестілеуден айырмашылығы — тапсырмалар оқушылардың логикалық, математикалықтұрғыдан ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеру қабілеттерін бағалауға бағытталған. Олимпиадаға оқушылар академиялық жетістіктері мен мектептегі бағаларына қарамастан, қатыса алады.

Олимпиаданың облыс бойынша үйлестірушісі Ренат Вактовтың айтуынша, биыл аталған білім додасы елімізде жетінші рет өткізіліп жатыр. Биыл олимпиадаға еліміз бойынша 170 ауданнан 56 мыңнан астам оқушы тіркелген.

— Бірінші турда облыс бойынша 2041 оқушы тіркеліп, өз бағын сынады. Осы турдан өткендер алдағы жылы наурыз айында өтетін екінші турға қатысады. Ал финалистер маусым айында Алматы немесе Астана қаласында өтетін республикалық іріктеу кезеңіне барады. Олар қарқынды білім беру бағдарламасынан өтеді, атап айтсақ, үздіктер ағылшын тілін оқып, IT жобалар, менторлық, кәсіптік бағдар беру, ҰБТ, IELTS және тағы басқа да даярлықтан өтеді. Осындай күшті академиялық даярлықтың арқасында IQanat бағдарламасымен қамтылған балалар Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түседі. Қазір IQanat түлектері әлемнің 17 елінде білім алып жатыр, — дейді ол.

Айта кету керек, IQanat олимпиадасы — 150-ден астам қазақстандық кәсіпкердің еліміздің барлық өңіріндегі ауыл оқушыларын қолдауға арналған әлеуметтік-білім беру жобасы.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button