Мәдениет

Бір әулеттің келіндері

Дәстүр

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматыда өткен III Республикалық «Абысын-ажын» байқауында«Ибалы, инабатты абысындар» наминациясын жеңіп алған Байқазақ батыр баба әулетінің келіндерімен кездесу өтті.

Қазақ аналарын біріктіру арқылы жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтармен дәстүрді сақтай отырып,заманауи үлгіде өмір салтымызға енгізуді дәріптеу мақсатында 2021 жылы құрылған бірлестік өз жемісін беріп келеді. Ырғыз ауданы Қызылжар ауылының келіндері «Асыл аналар» ұйымын құрып, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарды насихаттап, түрлі байқауларда жетістікке жетіп келе жатқанысөзіміздің дәлелі десек болады.

— «Қазақ аналары — дәстүрге жол» жобасының мақсаты — ұмытылған дәстүрімізді жаңғыртып,ата-баба аманаттап кеткен дүниелерді қалпына келтіріп, күнделікті тұрмысқа пайдалану.Сонымен қатар бала мен келін тәрбиесіне де аса мән беріп келеміз. Жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетпей, өмірден өз орнын тапса дейміз, — дедіқоғамдық бірлестіктіңЫрғыз ауданыфилиалының төрағасы Баршагүл Омарбекова.

Кездесу барысында келіндер өздері жасаған киім-кешек, тағам түрлері мен тұрмыста пайдаланатылатын заттарды таныстырды. Көрермен сұрақтарына жауап беріп, бір-бірімен пікір алмасты.

«Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Назира Табылдина жеткен жетістіктерін сөз ете келіп, жүлдегерлерді облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырханның Алғыс хатымен және осы қоғамдық бірлестіктің төсбелгісімен марапаттап, сый-сияпатын көрсетті.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button