Мәдениет

«Өзіңе сен»

Қайырымдылық концерті

Қалалық мәдениет үйінде жас әнші Салих Қалиевтің «Өзіңе сен» атты қайырымдылық концерті өтті. Оған есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты.

Концерттің ашылу салтанатында құттықтау тілегін жеткізген облыстық мәслихат депутаты Айгүл Дүйсенова жас әншіге өнер жолындағы арман-мақсаттарының орындалуына тілектестік білдірді.

Салих екі жыл қатарынан Ақтөбеде жеке кешін өткізді. Ол — тағдырдың талқысына мойымаған талантты әнші. Өнерпаз жігіт концерт алдында менімен жолығып, су тасқынынан зардап шеккен 50 адамға тегін билет тапсыруымды сұрады. Ал қайырымдылық концертінен түскен қалған қаражатты кеште өнер көрсеткен есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне беретінін айтты. Кеште Салих Батырхан Шүкеновтің «Сағым дүние», «Анаға сағыныш», «Мои чувства», «Где ты?» сынды авторлық әндерін орындап көрерменнің ыстық ықыласына бөленді, — деді ол.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі 2016 жылдан бері қайырымдылық кештерін ұйымдастырып келеді. Бүгінде ол Шымкент қаласындағы көрме орталығында ұйымдастырушы-әдіскер болып еңбек етеді.

2016 жылы «Бір үміт» атты жеке концертім өтті. Биыл Павлодар, Текелі, Талдықорған қалаларында «Өзіңе сен» атты қайырымдылық концерттерін ұйымдастырдым. Жылдың соңына дейін Кентау, Түркістан қалаларында кешімді өткізгім келеді. Концерттен түскен қаражаттың бір бөлігі көмекке мұқтаж адамдарға аударылады. Ал қалған қаражатты «Отбасы банктегі» шотыма аударамын. Алдағы уақытта қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып, жеке қор ашқым келеді. Барлығы уақыт еншісінде. Ақтөбедегі концертімнің өтуіне қолдау көрсеткен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, қалалық және облыстық жастар ресурстық орталығына, облыстық тілдерді дамыту басқармасына және облыстық мәслихат депутаты Айгүл Дүйсеноваға ерекше алғысымды білдіремін, — дейді Салих Қалиев.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button