Мереке

Amanat партиясының мүшелері марапатталды

Бүгін Республика күніне орай ел дамуына еселі еңбек сіңірген және Amanatпартиясының стратегиялық бағытын қолдап, оның бағдарламалық міндеттері мен жобаларын іске асыруға белсене атсалысқан өңіріміздегі партия мүшелері марапатталды.

Сөз басында партияның облыстық филиалы төрағасы Ербол Данағұлов Республика күнінің мәні мен маңызына тоқталып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

-Мемлекетіміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктерінің бәрі осы Тәуелсіздіктің жемісі. Тәуелсіздіктің арқасында біз демократиялы, құқықтық және экономикалық мемлекет құру жолында нақты қадамдар жасап келеміз. Сондықтан бұл күн – бабаларымыз аңсап, армандар жүзеге асқан, елімізге еркіндік туы орнаған ұлы күн. Мерекеде марапатталған барша әріптесімізді құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық және жұмыста жаңа жетістіктер тілеймін! Республика күні – құтты, егемендігіміз мәңгілік болсын!, – деді Ербол Данағұлов.

Партияның облыстық филиалы төрағасыМемлекет басшысының реформалары мен саяси бағдарын іске асырудаAmanatпартиясының атқаратын қызметінің мәні зор екенін айтты. Бұл мақсатты жүзеге асыруда партия мүшелері жұмыла еңбек етуде.

Ербол Данағұлов мерекелік шарада партия мүшелерін «Белсенді қызметі үшін» партиялық төсбелгісімен, партияның «Құрмет грамотасымен» және партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің «Алғыс хатымен» марапаттады.

Меңтай Бектұрсынова.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button