МерекеПікір

Болашақ ұрпақ үшін зор жауапкершілік жүктейді

Әлішер ТЫНЫШТЫҚ,
«Жастар рухы» жастар қанаты
облыстық филиалының төрағасы.

Республика күні — Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы маңызды белестердің бірі. Осы күн елдің дербес жолына бет бұрып, өзінің саяси, экономикалық және мәдени салаларында даму бағытын айқындаған сәтін бейнелейді.
Қазақстан үшін бұл мереке — еркіндіктің, ұлттық құндылықтардың және халықтың бірлігінің символы. Қазақстанның егемендігі жарияланғаннан бері елдің дамуы үшін үлкен жұмыстар атқарылды: жаңа заңдар қабылданды, шекаралар айқындалды, ұлттық валютамыз — теңге айналымға енгізілді. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық аренада өзін тәуелсіз мемлекет ретінде танытып, БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарға мүше болды.
Республика күні — халық үшін тек тарихи оқиға емес, елдің алға қойған мақсаттары мен жетістіктеріне оралу, болашаққа сеніммен қарау мүмкіндігі. Қазақстанның әрбір азаматы бұл күнді мақтанышпен атап өтіп, Отанға деген махаббатын көрсетеді.
Бұл мерекені атап өту ел тәуелсіздігі мен егемендік жолында атқарылған жұмыстарды еске түсіріп қана қоймай, болашақ ұрпақ үшін зор жауапкершілік жүктейді. Мәселен, аталған мереке қарсаңында «Жастар рухы» жастар қанаты жыл сайын «Менің елім — менің туым» акциясын өткізеді. Бұл іс-шараның мақсаты – жастарды отансүйгіштікке баулу, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, елдің бірлігі мен тәуелсіздігін дәріптеу.
Біз, жастар, қашанда тәуелсіздігімізді қадірлеп, елімізді дамыту жолында үздіксіз еңбектенуіміз керек. Осындай ұлық мерекеде барша ақтөбелік жастарды аталған акцияға белсене атсалысуға шақырамын. Мереке құтты болсын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button