МерекеПікір

Ұлық мерекенің қадірін ұғынсақ

Елімізде атаулы күндер аз емес. Бірақ айналып келгенде кез келген мерекенің Республика күнімен тікелей қатысы бар. Бұл күннің ұлттық мәртебесін алуы тегіннен-тегін емес.
Еліміздегі кез келген мереке егемендіктің, дербес ел болуымыздың арқасында тойланады емес пе? Сондықтан бұл күннің осындай артықшылығын, маңыздылығын көпшілік сезінсе екен деймін.
Республика күні — Қазақстанның Тәуелсіздік алу жолындағы маңызды кезеңдерді атап өтетін, елдің мемлекеттік символдарын, тарихын және мәдениетін қадірлеуге мүмкіндік беретін мереке. Бұл күн ел азаматтарын бірлікке, патриотизмге және туған жеріне деген сүйіспеншілікке шақырады. Әрбір көшеге киіз үй тігілмесе де, әрбір мемлекеттік мекемеде, компанияда, тіпті үйде Республика күнінің нышаны іспетті Ту ілінсе, нұр үстіне нұр болар еді. Жаңа жылдағыдай мерекелік көңіл күй сезілсе, мереке шартты түрде өтпесе деген тілек бар.
Баршаңызды ұлық мерекемен құттықтай отырып, әр отбасына тек жақсылық тілеймін.

Қуаныш КЕЛМҰҚАНОВ,
Назарбаев зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі.
Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button