МерекеПікір

Рухымыз асқақтайтын мереке

Бейбіт күннің қадірін бұрынғылар бізден жақсырақ біледі деп ойлаймын. Себебі мен және менің құрдастарым егемендігін алып, еңсесін тіктеген елде дүниеге келдік. Әйтсе де, түйсігіміздің түкпірінде қиындықты көп көрген ата-баба, аға-апаларымыздың жады бір тылсым күшпен сақтаулы тұрғандай. Себебі Тәуелсіздік күні, Республика күні дегенде сезім бөлек, жүректің соғысы басқаша. Бойымызда ағып жатқан баба қаны атауы айбарлы естілетін осы мерекелерде тулап кететін секілді.
Міне, 25 қазан — Республика күні таяды. Қайта жаңғырған мемлекеттік мереке туралы айтыс сахнасында бірнеше рет ойымды білдірдім, маңызын өзімнен жасы кішілерге ұқтыруға тырыстым.
Бұл мереке маған жеңісті сәттермен де есте қалды. Былтыр Республика күніне орай ұйымдастырылған екі облыстық айтыста 1-орын бұйырды.
Рас, кейінгі кезде «тым тойшыл ел болып кеттік» деген пікір айтылып жүр. Дегенмен қай кезде де Республика күні сынды елдігіміздің белгісі болып тұрған мерекелер өз деңгейінде аталып өткені жөн. Республика күні — рухымыз асқақтайтын мереке.

Нұрбол ЖАУЫНБАЕВ,
Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button