Жаңалықтар

 Ақтөбе өңіріндегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы ауысты

 Басқарма басшысы лауазымына Ләззат Аманжолқызы Оразбаева тағайындалды.

Ол бұған дейін Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Ләззат Оразбаева 1971 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1990 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесін, 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, 2016 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін және Тұран-Астана университетін бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Шалқар ауданының Тоғыз орта мектебінің мұғалімі болып бастады.  1997-2011 жылдары Ақтөбе қаласының №24 орта мектебінің мұғалімі, №40 орта мектебінің директоры болды.

2011-2024 жылдары Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысының білім, Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармаларының басшысы;

2024 жылдың ақпан айынан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келді.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button