Асылбек Байменов – Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі
Ол бүгінгі күнге дейін «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының басшысы қызметін атқарып келді.
Асылбек Зейнелғаппарұлы Байменов 1978 жылы Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1997 жылы Ақтөбе облыстық тұтынушылар одағының есеп-сауда колледжін, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық – заң университетін бітірген. Кіші әділет кеңесшісі.
Еңбек жолын 2004 жылы Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің контрабанда басқармасының жетекші маманы болып бастаған.
Еңбек жолының басым бөлігінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
2019 – 2020 жылдары Ақтөбе көлік прокуратурасының аға прокуроры қызметін атқарған.
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының басшысы қызметін атқарып келді.
Соңғы жаңалықтар