Жаңа травматология пункті науқастарды қабылдауды бастады
Ақтөбеде травматологиялық пункт ашылды. Жаңа бөлімше
Қарғалы қалалық ауруханасының хирургия блогінің құрамында.
Мамандар жарақат алған науқастарға қызмет көрсетуді бастап кеткен.
Облыс орталығында екінші травматология пунктін ашуға ҚР Бас
прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастама көтерген,
мұндағы себеп – жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер
қатарының көбеюі екен.
Облыс басшылығы денсаулық сақтау басқармасына іргелес елді
мекендері бар 300 мың адамнан тұратын Есет батыр тұрғын
алабындағы бөлімшені негізге ала отырып тапсырма берді.
Травматологиялық пункт 24/7 режимінде жұмыс істейді. Бөлімше
қажетті рентген жабдықтары, ультрадыбыстық аппарат, таңу және
шокқа қарсы кабинеттермен жабдықталған. Ал пациенттерді тәжірибелі
бейінді мамандар – травматологтар емдейді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматологиялық және
ортопедиялық көмек стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,
халық саны 120 мыңнан асатын елді мекендерде жарақат алған
науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін
травматологиялық пункттер ұйымдастырылады. Сондықтан Ақтөбе
облысының денсаулық сақтау басқармасы үшін осы стандартқа сәйкес
травматология пункттерін ұйымдастыру – маңызды міндет.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.