Мереке

Кәсіподақ марапаты

Ұстаздар күні мен Қазақстан кәсіподақтар күніне орай дәстүрлі «Кəсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» тақырыбында мерекелік жиын өтті.

Әуелі «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Раушан Серікова білім саласы мен кәсіподақ саласының қызметкерлерін мерейлі мерекесімен құттықтады. Одан соң облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаева да барлық білім беру мекемелерінің басшыларын Ұстаздар күнімен және Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтап, жылы лебізін айтты.

Жақында өткен«Үздік әлеуметтік серіктес» байқауына қатысқан бірқатар білім беру мекемелерінің басшыларына Кәсіподақтар федерациясының«Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісіменақшалай сыйақы сертификаттары табысталды. Марапатталғандардың қатарында Әйтеке би ауданы Т.Шевченко атындағы орта мектептің директоры Мәншүк Құлсарина, Әйтеке би ауданы Жамбыл орта мектебінің директоры Гүлмарал Бахманова, Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебінің директоры Лиза Тынышбаева, Мұғалжар ауданы №1 Қандыағаш орта мектебінің директоры Бақыт Өтешова, Хромтау ауданы Бөгетсай мектеп-гимназиясының директоры Дастанбек Бөлтенов бар. Сондай-ақ «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен ақшалай сыйақығаоблыстық арнайы мектеп-балабақшасыбастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасыАрдақ Қарақойшинаие болды.

Әр түрлі білім додаларда топ жарып, қоржынын жүлделермен толтырып жүрген бір топ ұстаз «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» байқауына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақтың бірлескен Алғыс хатымен және ақшалай сыйақы сертификатымен марапатталды. Бастауыш ұйымдардың төрағалары да осы кеште Алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы сертификаттарына ие болды.

Жақында республикалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» байқауында жоғары көрсеткішке ие болғандарғаСалалық кәсіподақтың Алғыс хатымен сыйақы сертификаты табыс етілді.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бір топ профессор-оқытушыларына облыстық кәсіподақтың Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйақы сертификаттары табысталды. Сонымен қатар облыстық білім басқармасы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының арасындағыәлеуметтік әріптестік келісім аясында 50 мұғалімге Алғыс хат пен Мерке шипажайына жолдама, ал 26 мұғалімгеАлғыс хат пенӨзбекстанның Ташкент пен Самарқанд қалаларына тарихи-танымдық саяхатқа мүмкіндік беретін жолдама берілді.

Кешті көңілді өткізуге атсалысқан А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің өнерпаздары залда отырған ұстаздарға караокеге қосылып, ән айтуға мүмкіндік жасады. Бұл күні 100 оқытушы мен мұғалім кәсіподақ марапатына ие болды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button