«Болашақ» бағдарламасының өрісін осы бағытқа бұрсақ
Қуанышбек Шүңкеев,
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы:
— «Болашақ» бағдарламасының өрісін осы бағытқа бұрсақ деген ұсынысым бар. Яғни алдағы жылдары еліміздегі жас ғалымдар мен білімді азаматтарды шетелге жіберіп, оқытуымыз керек. Өйткені біздің мамандарымыз үлкен дайындықтан өтуге тиіс. Сондай-ақ атом электр станциясы стратегиялық нысан болғандықтан, онда ел азаматтары жұмыс істегені абзал. Әрі ол мамандар шетелдерде осы типтес станцияларда жұмыс істеген болуы керек.
Енді атом электр станциясының құнына келсек, оған қажетті ядролық отын — уранның U 238 изотопы шетелдерде көп. Ал реакторларға сәйкес келетін U 235 изатопы әлем елдерінің 1 пайызында ғана бар. Ал сол бір пайызының жартысы Ресейде өндіріледі. Демек, батыс елдерінің Ресейге уран сатуда санкция қоймай отырғанының басты себебі — осында. Сондықтан біз атом электр станциясын салғанда қажетті уранды байытуға рұқсат алатын болсақ, онда оның құны арзанға шығады. Негізінде, станцияның құны құрылысында емес, оның — отынында