Келесі кезеңге көшуіміз керек
Рахым Бекназаров, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы:
— Референдум қорытындысына халықтың 71 пайызы елімізде атом электр станциясын салуды қолдап отыр. Референдум өтті, енді келесі кезеңге көшуіміз керек. Яғни атом электр станциясын салудағы мәселелер шешілуге тиіс. Жалпы, қазір баршамыздың көкейімізде «Атом электр станциясын кім салады?» және «Станцияда кімдер жұмыс істейді?» деген сауалдар тұр.
Президент бұл сауалдарға нақты жауап берді. Үкімет алдағы уақытта бұл мәселені саралап, шешім шығаруға, Қазақстанда ең озық технологияларға ие әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуге тиіс. Екіншіден, кадрлар даярлау мәселесіне ерекше назар аударуымыз керек. Бұл ретте жоғары оқу орындарында алдағы уақытта кафедра немесе факультет ашылуы қажет.