АЭС

ZHUBANOV UNIVERSITY-де республикалық референдум нәтижелерін қолдау бойынша жиын өтті

Бүгін Жұбанов университетінде сарапшы ғалымдардың қатысуымен республикалық референдум қорытындысын қолдауға арналған ғылыми кеңес отырысы өтті.
Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Ақтөбе облысы халықтық штаб құрамында Жұбанов университетінің физика-математика, экология, энергетика және техника саласындағы ғалымдары АЭС-тің қауіпсіздігі, маңыздылығы жөнінде тиісті ақпараттық жұмыстар жүргізгенін атап өтті.
Жиында ғалымдар АЭС құрылысына қатысты бірқатар мәселелер төңірегінде диалог алаңын құрып, өз ұсыныстарын білдірді.
«Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, профессор Қуанышбек Шүңкеев кадр даярлау мәселесіне назар аударды. Оның айтуынша, «Болашақ» бағдарламасының бір үлесін ядролық физика саласындағы мамандар даярлауға бағыттау тиімді болмақ. «Сапалы атом электр станциясын салу және арнайы маман даярлау өте маңызды», – деді ол.
«Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс кафедрасының доценті Мұрат Қуанышев сондай-ақ, кадр даярлау мәселесін шешуде энергетика және ақпараттық технологиялар саласына да басымдық беру қажет екенін атады. Ол аталған салалар бойынша жаңа пәндер енгізу, бағдарламалар жасақтау, материалдық-техникалық базаны жабдықтаудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар сарапшылар арнайы мамандардың шетелдік тағылымдамадан өтуі, жас зерттеушілердің АЭС тақырыбына ғылыми тұрғыдан басымдық беруі, атом энергетикасы саласы бойынша халықаралық ұйымдармен байланысты арттыру мәселелерін талқылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button