Референдум
Маңызды қадам
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті радиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты Ерболат Ізтілеуов №67 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
— Мен өз таңдауымды жасадым. Бұл — менің азаматтық парызым. Себебі осы референдум нәтижесінде еліміз үшін маңызды шешім қабылданады. Ал осындай сәтте тыс қалуға болмайды. Әр адамның дауысы маңызды. Учаскеге келгенде байқағаным — азаматтардың да белсенділігі жоғары сияқты, — деді Ерболат Ізтілеуов.
Азаматтық ұстанымдарын білдірген ақтөбеліктердің қатары көп болды. Учаскелерде егде жастағы кісілерден бөлек, бұндай науқанға бірінші рет қатысып жатқан жастардың да қатары аз болмады. Тіпті отбасымен келіп те дауыс бергендер бар.
К.ҚОПАЕВА.