Ел таңдауы энергетикалық стратегия болашағын айқындады
Болат АШАБАЕВ, Хромтау аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы:
— Елімізде атом электр станциясын салу жөніндегі референдум қорытындысы ел өміріндегі айтулы оқиға болды. Ел халқына Қазақстанның энергетикалық стратегиясының болашағын айқындайтын мәселе бойынша таңдау жасауға мүмкіндік берілді. Референдум қорытындысы халықтың айтарлықтай көпшілігінің атом электр станциясын салуға дауыс бергенін көрсетті. Бұл — энергетикалық тәуелсіздік пен тұрақты даму үшін ұзақ мерзімді шешімдердің маңыздылығын түсінудің артып келе жатқанын байқатты.
Референдумға қатысу арқылы әрбір азамат елдің негізгі шешімдеріне ықпал ету мүмкіндігіне ие болды. Елімізде атом электр стансасы құрылысын талқылау әрі дауыс беру науқаны белсенді өтті.
Атом электр станциясын салу туралы шешім елдің энергетикалық балансын әртараптандыруға, қазба отын көздеріне тәуелділікті азайтуға және алдағы онжылдықтарға тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар АЭС салу мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашып, жергілікті жұмысшылардың біліктілігін арттыруға мүмкіндіктер береді.