Референдум

Халықтың таңдауы — энергетикалық қауіпсіздік

Амантай ҮМБЕТАЙҰЛЫ,
Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты.

6 қазан күні еліміздің болашағы үшін айрықша мәні бар тарихи оқиға болды. Облысымызда АЭС салуға қатысты референдум жоғары деңгейде ұйымшылдықпен өтті. Мұны тұрғындар да, байқаушылар да айтып жатыр. Халықтың маңызды шешімдер қабылдауда белсене қатысуы, жауапкершілікті сезініп, ел тағдырына алаңдауы науқанның маңыздылығын дәлелдей түскендей. Атом электр стансасының құрылысын салуды азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті деп айта аламын.
Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды.
Республикалық ауқымды жобалардың бәрін референдум арқылы өткізу керек тәрізді. Өйткені бұл ел тағдыры мен азаматтардың өміріне қатысты шешімдерді қалың бұқараның пікірін ескере отырып қабылдануына кепілдік береді.
Халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуы мемлекет пен қоғам арасындағы әділ әрі тұрақты қарым-қатынастарды құруға көмектеседі.
Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум азаматтарға атом энергетикасы саласындағы заманауи технологиялар мен ғылыми зерттеулерді тануға мүмкіндік берді. Бұл пікірталас халықтың атом энергетикасының қауіпсіздігі, осы саладағы инновациялар және технологияларды дамыту перспективалары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар атом энергиясының күн, жел немесе су энергиясы сияқты баламалы қуат көздерімен салыстырғанда тиімді, тиімсіз тұстарын талқылауға мүмкіндік берді. Референдумда қабылданған шешім әрбір азамат үшін маңызды. Атом электр стансасын салу мәселесі тек энергетикалық қауіпсіздікке ғана емес, болашақта өмірімізге әсер ететін экологиялық аспектілерге де қатысты. Өткізілген референдум — қоғам мен ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
Референдум тек дауыс беру ғана емес, сонымен қатар еліміздің энергетикалық саясатының, экономикасының және экологиясының болашағына қатысты мәселені таңдауға мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button