Референдум

Спортшының таңдауы

Бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаров «Smart Bilim» мектеп-гимназиясында орналасқан №575 учаскесіне барып, дауыс берді. Оның айтуынша, елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты өтіп жатқан референдумның халқымыз үшін маңызы зор.
— Елімізде өтіп жатқан референдумнан тысқары қалмай дауыс бердім. Бүгінгі саяси науқан қазақ елі үшін аса маңызды. Әрбір ел азаматы ел болашағы үшін дауыс беріп жатыр деп ойлаймын, — дейді боксшы Г.Джафаров.
Сайлау учаскесінің төрағасы Жайнагүл Жасақбаеваның айтуынша, мұнда 2043 дауыс беруші тіркелген, оның 21-і — алғаш дауыс берушілер.
— Дауыс берушілердің көпшілігі — орта жастағылар. Учаскеге қарасты Алтын Орда шағын ауданы мен Береке тұрғын алабының тұрғындары өз таңдауларын жасап жатыр. Алғаш келушілерге сыйлық табысталды, — дейді учаске төрағасы.
Мектеп фойесінде шағын жәрмеңке ұйымдастырылып, жергілікті өндірушілердің өнімдері көпшілікке ұсынылды.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button