Референдум
Темір ауданының мұнайшылары өз таңдауын жасады
Ақтөбе облысының Кеңқияқ кентінде мұнайшылар дауыс берді. Референдумда «ҚазТрансОйл», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және бірнеше сервистік компаниялардың қызметкерлері өз дауыстарын берді.
Олардың барлығы елімізде өткізіліп жатқан референдумның маңыздылығын атап өтті.
Темір ауданында мұнай саласының кәсіпорындарында 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді, оның 600 – ден астамы – вахталық әдіспен.