Референдум

«Мен саналы түрде өз таңдауымды жасадым»

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері жоғары оқу орнының бірінші корпусындағы №56 учаскеде дауыс берді.

Мерей Рысмағанбетова бұл маңызды оқиғаға бірінші рет қатысып, өз ойын білдірді.
Ол — қазір екінші курстың студенті. Болашақ дәрігер өз дауысының Қазақстанның болашағы үшін маңызды екеніне сенімді.

— Мен жақында ғана он сегіз жасқа толдым, енді үлкендермен, оның ішінде ата-анаммен бірге дауыс беруге және референдумдарға қатыса алатындығыма қуаныштымын.
Кәмелетке толу — дауыс беру құқығын ғана бермейді, сонымен бірге үлкен жауапкершілік те жүктейді. Мен сайлау учаскесіне келіп, өз ұстанымымды білдіргенге дейін атом электр станциясының жұмысы туралы көптеген мақалаларды зерделеп оқып шықтым. Олардың қалай жұмыс істейтінін және тұрғындар үшін қаншалықты қауіпсіз екендігін ұғыну мен үшін маңызды болды. Содан кейін саналы түрде өз таңдауымды жасадым, — деп жауап берді біздің сауалымызға Мерей.
Ол өзінің алғаш рет дауыс беріп тұрған құрдастарымен бірге бүгінгі күннің ескерткіші ретінде сыйлыққа ие болды. Салтанатты сәтте ол студент достарымен бірге естелік суретке түсті. Бұл күн ол үшін ұмытылмайды.

Арайлым РАХАТ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button