Референдум

Қариялар батасы

Шалқар ауылдық округіндегі №513 референдум учаскесіне Жылтыр ауылының тұрғыны, ауданымыздағы жасы үлкен қариялардың бірі Қазанғап күйін насихаттаушы, 92 жастағы Жұмабай Жансүгіров келіп дауыс берді.
— Жастайымнан домбыраны серік етіп, өнеріммен көпке танылдым. Қазанғап күйлерін орындаушысы ретінде елдің сый-құрметіне бөлендім. Мәдениет пен өнер де экономикасы өрістеген елде ғұмырлы болары сөзсіз. Еліміздің баянды болашағы үшін таңдау жасалатын бүгінгідей күнге үлесімді қосу — менің де парызым. Өз таңдауымды жасап мемлекетіміздің кемел келешегіне сенім артып отырмын. Ел болашағы баянды, өскелең буын бақытты болсын, — дейді күйші Жұмабай ақсақал.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары, еңбек ардагерлері Сағынғазы-Күлпаш Төлебаевтар Шалқар қаласындағы №547 референдум учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. Ұзақ жыл шопан болып еңбек етіп, бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Сағынғазы ақсақал мен Күлпаш әжеге сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде ардагерлер референдум учаскесінің басынан табылған таңдаушыларға «еңбекте алда болыңдар» деп бата берді.

М.БОҚАН,
Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button