Референдум

Арман алғаш рет дауыс берді

Ойыл ауданы Ақжар ауылының тұрғыны Арман Азамат биылғы референдумда алғаш рет дауыс берді.
Ол таңертең ерте келіп Ақжар ауылындағы №412 референдум учаскесінде таңдауын жасады.
— Биыл кәмелет жасқа толып, алғаш рет дауыс беріп тұрмын. Өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды өтегеніме қуаныштымын.
Біздің ауылдың жастары қашанда белсенді. Сондықтан осы референдумда ақжарлық жастар өз таңдауын жасап, саяси науқанға үлес қосады деп сенемін, — дейді Арман.
Ойыл аудандық референдум комиссиясының төрағасы Берік Бисекеновтің айтуынша, аудан тұрғындары таңнан бері учаскелерге ағылып жатыр. Мұнда жалпы саны 25 учаскеде 8883 сайлаушы тіркелген.
— Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Дауыс беруге ерекше көңіл күймен келіп жатыр. Учаскелердің барлығы жарақталған. Байқаушылар да өз жұмыстарын атқарып жатыр. Ешқандай заңбұзушылық болған жоқ, — дейді комиссия төрағасы.

Д.ҚАЗИХАН,
Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button