Референдум

«Әр дауыс өте маңызды»

Ақтөбелік белгілі мәдениет қайраткерлері Мағзұм және Шалқия Бақытжановтар №37 референдум учаскесінде дауыс берді.

-Елімізде атом электр стансасын салу керек пе, керек емес пе деген мәселеде халық өз таңдауын жасау үшін ұйымдастырылған референдум – демократиялық даму жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл ел болашағына қатысты үлкен мәселе болғандықтан, әр дауыс өте маңызды деп санаймын. Бүгінге дейін атом электр стансасы құрылысын жақтаушылардың, оның ішінде мамандардың да пікірлерін, сондай-ақ қарсы пікірлерді де мұқият оқып, тыңдап, саралай келе, өз таңдауымды жасадым. Болашақта еліміз халық үніне құлақ асатын, әділетті мемлекет ретінде дамып, өркендей береді деп сенемін, – дейді ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Шалқия Бақытжанова.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button