АЭС

Көпшілікпен шешілетін іс

Айтуған АСҚАРОВ,

еңбек ардагері

Атом электр стансасын салу мәселесі — Қазақстан үшін маңызды әрі күрделі шешімдердің бірі. Бұл қадам еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға мүмкіндік берсе де, халықтың пікірін тыңдау және ашық талқылау жүргізу күн тәртібінен түспеуі керек. Сондықтан АЭС мәселесіне қатысты референдум өткізу халықтың дауысына құлақ асу үшін жасалған дұрыс шешім деп білемін.

Референдум — халықтың сенімін арттыруға және АЭС салу туралы шешімнің әділ әрі ашық қабылдануын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін демократиялық тетік. Әр азаматтың пікірі маңызды, сол себепті әр дауыс елдің болашағына ықпал ететін шешімге әсер ете алады. Сондықтан әрқайсысымыз осынау шараға атсалысайық дегім келеді. Референдумға барып, өз таңдауын жасау — әр қазақстандықтың парызы. Бұл — көпшілікпен шешілетін іс.

АЭС құрылысы туралы талқылау тек сарапшылар мен билік өкілдерінің қатысуымен ғана емес, қарапайым азаматтардың пікірін ескере отырып жүргізілуі керек деп есептеймін. Сондықтан да біз әрбір қазақстандықтың пікірін құрметтей отырып, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауымыз керек. Референдумнан қалмайық!

 Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button