АЭС

Шешім қабылданар күн

Малика ДҮЙСЕНБАЕВА, Ақтөбе облыстық іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары,  кәсіпкер, дизайнер

6 қазан — еліміз үшін маңызды күн. Себебі бұл күні елімізде атом электр стансасын салу жөнінде әр адам өзінің таңдауын жасап, маңызды шешімді қабылдауға үлес қосады. Электр қуатын тұтыну көлемі елімізде жыл сайын артып келе жатқаны байқалады. Қазір еліміздің экономикасы дамып келеді. Электр қуатына  қажеттілік жыл сайын көбеймесе, азаймасы анық. Демек, электр  тапшылығын жою мәселесі бүгін болмаса, ертең көтерілері сөзсіз. Жалпы, АЭС-ке қатысты әр түрлі пікір айтылады. Десек те сарапшылардың, осы істі білетін мамандардың пікіріне құлақ түрген дұрыс. Сондықтан маңызды шешім қабылданар сәтте қалыс қалмай, әр адам дауыс бергені жөн. Бұны азаматтық парыз деп есептеймін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button