АЭСРеферендум

Маңызы зор қадам

Бақтыбай ҚИСЫҚОВ,
қазақ күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы.

Елімізде АЭС салу жөнінде бүкілхалықтық референдум өтуіне де санаулы күндер қалды. Осы жексенбі күні, 6 қазанда халық өз таңдауын жасап, учаскелерде дауыс беретін болады. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар саяси науқанға бір кісідей атсалысады деп есептеймін.
Елімізде көмір, газдан қуат алатын электр стансалары бар. Сонымен бірге жел мен күн энергиясы да сәтті пайдаланылып келеді. Атом электр станциясын салу қадамы ел ертеңі үшін маңызды.
Қазірдің өзінде елімізде электр қуатына сұраныс артып, энергия тапшылығы байқала бастады. Осыған байланысты мамандар АЭС салу туралы бастаманы қолдап жатыр. Ғалымдар АЭС салудың өзіндік пайдасы бар екендігін айтады. Біріншіден, қоршаған ортаға, экологияға және атмосфераға бөлінетін зиянды шығарындылар азаяды. Екіншіден, альтернативті энергия көзін пайдалану тиімділігі артады.
Қазіргі уақытта жел мен күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану жоғары дәрежеде деп айту қиын. Халықты толғандырып жүрген мәселелердің бірі — қауіпсіздік мәселесіне тоқталатын болсақ, бүгінгі күні әлемде 430-ға жуық АЭС жұмыс істеп тұр. Осы орайда әр балама энергия көзінің пайдалы және зиянды жақтары бар екенін ескере отырып, зияны азын қарастырып жатыр.
Референдумға қатысып, ой-пікіріңізді ашық айту, қоғамға үн қосу еліміздің жарқын болашағына қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармаңыздар.
Оған қатысу арқылы әрбір қазақстандық ұсынылып отырған өзгерістерге өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button