АЭС салу – қажеттілік
Аяжан Серікқызы
Ырғыз аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы
Референдум — бұл жалпыхалықтық дауыс беру. Онда мемлекеттің болашағына байланысты маңызды мәселелердің шешімі шығарылады. Әрине, Қазақстан ядролық апаттардан зардап шегіп, көп қиындықтарды бастан өткерді. Соның салдарынан атом туралы айтылған кезде халықтың бойында қорқыныш, үрей басым болуы заңдылық. Дегенмен дамыған елдерде атом электр станциясын салдырып, соның арқасында алға жылжып, үнемділік жасап, ел экономикасына көп пайда келтіріп отыр. Біздің ел табиғи шикізатқа бай ел.
АЭС электр энергиясын өндіру көмір мен газбен қуттанатын жылу энергия станцияларына қарағанда өте арзанға түседі. Оның үстіне еліміз уранға өте бай. Көмір мен газ орнына уранды қолданса, елімізде АЭС үшін шикізат тапшылығы болмайды. Қазір елімізде және шет елден де білім алып келіп жатқан жас мамандар өте көп.
АЭС – Қазақстанның экономикалық және жан-жақты дамуы үшін маңызды қадам. Сондықтан, қаншама жылдан бері айтылып келе жатқан АЭС салу туралы шешім дұрыс деп ойлаймын. АЭС салу мәселесін еліміздегі ғалымдар жан-жақты зерттеп барып осы шешімге келіп отыр. Болашақта АЭС еліміздің экономикалық жағынан ғана емес, дамуына да үлкен пайда әкеледі деп сенемін.