Болашақтың жобасы
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдаймын.
АЭС, яғни атом электр стансасы – елімізге энергетикалық тұрғыда тәуелсіздік алуға мүмкіндік беретін болашақтың жобасы.
Болашағымыз жарқын, бақуатты ел болуымыз үшін, АЭС құрылысын салуды қолдауымыз керек, себеп еліміз АЭС салуға дайын.
Сенімді электр энергиясы болғанда ғана, «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» бағдарламаларына қатысушы ауыл азаматтары бизнес ашып, жылыжай салып, малды сатып, шаруа қожалығын дамыту үшін жеңілдікпен берілетін несиені ала алады.
6 қазанда дұрыс шешім қабылдап, АЭС құрылысын салуға дауыс беруге шақырамын.
«Еркетай» бөбекжай-бақшасы МКҚК
меңгерушісі Сарпикова Амангул Болатбекқызы, Ырғыз ауданы