Өзгерістер әлеміндегі АЭС
Адам баласының сұранысы өскен сайын қоғам да жылдам дамуда. Кез-келген жаңаша бағытқа бет алған өзгеріс, сұраныстың жедел және жоғары болуына байланысты болып келеді. Қазіргі таңда бүгінгі ақпарат ертеңге жарамайтын “белгісіз, тұрақсыз, бір сызықты емес” болжам мен мүмкіндіктерді қатар ескеріп алдағы қауіп-қатерлерге дайын отыратын кезеңге келіп тұрмыз. “Қыстың қамын жаз ойла” деген ата-баба сөзі ойға оралады. Цифрлық, виртуалды әлемде өмір сүреміз? деген ой келді ме кезінде, бірақ сол бейтаныс әлемдегі кезеңге келіп отырмыз. Сондықтан, елімізде қолға алынып жатқан АЭС жұмыстары да болашақтағы болуы мүмкін қауіп-қатердің алдын алу үшін тиянақты жоспарланып жатқан тың дүние деп қарағанымыз дұрыс болады. “Қазақстандағы жаңа мамандықтар мен құзыреттер” атты атлас картасында зерттеуші ғалымдар 9 сала бойынша болашақта “жойылатын, өзгеріске ұшырайтын, жаңадан пайда болатын” мамандықтар бойынша зерттеу жұмыстарының қорытындысын ұсынды. Бұл дегенің, әлем әлі де өзгере түседі, біздер осы бастан болжап, дайын болмасақ ертеңгі күні не жағдайда боламыз дегенді анық көрсетеді.
Әлем өзгерісті қалап отырса адамдар БІЗДЕР өзгерістерге әркез дайын болуымыз керек. Ол үшін ата-бабаларымыз сияқты өткенге шолу жасап, болашақты көре білу деген көрегендікке ұмтылайық. Бұл қасиет алдағы бағытымызды айқындап тау-тасқа соғылмай жақсы өмір сүруге алып келеді. Қазірде білім мазмұны жаңарып ғылыми зерттеу бағытын алып отыр, АЭС жан-жақты зерттелген бірнеше жыл бойы мықты, әлсіз, қауіп пен мүмкіндіктері терең талданып барып ұсынылып отырған ауқымды жоба. Сондықтан, күдік пен үрей болмауы тиіс деп пайымдаймын.
Рухы мықты, әркез өзгеріске дайын, дамыған елдер қатарынан көрінейік, ағайын.
№2 Ырғыз аудандық жалпы орта білім беру мектебі
Оқу ісі жөніндегі орынбасары Айтқұлова Ляззат Әкімжанқызы