АЭСРеферендум
Референдум — маңызды қадам
Қазақстанның экономикалық дамуындағы маңызды қадамдардың бірі — энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Елдегі энергия тапшылығы мәселесі өсіп жатқан экономика мен халық санына байланысты күрделі сипат алып отыр. Бүгінгі таңда баламалы энергия көздерін дамыту қажеттігі туындап тұрғанымен, негізгі энергия көзі ретінде АЭС салу маңызды қадам деп есептеймін.
Дегенмен, халықтың пікірін ескеру — басты міндет. Референдум өткізу — осы бағыттағы маңызды демократиялық қадам. Референдумның нәтижесі мемлекетіміздің болашағына ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан референдумнан қалмай барған жөн деп есептеймін.
Айбол БОРАНБАЙҰЛЫ,
Т.Шонанұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімі.
Ырғыз ауданы.