Ел болашағы үшін дұрыс таңдау жаса!
А.МАРАТҚЫЗЫ,
№1 қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны негізге ала отырып, 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы қаулыға қол қойды. Оған да санаулы күн қалды. Осы референдумда еліміздің әр тұрғынына «Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?» деген сауал қойылады. Бұл сауал тектен-текке жай беріле салынған сауал емес. Ол талқыланған, сарапқа салынған.
Мен өзім мемлекеттік мекемеде соның ішінде жастарға білім беретін, тәрбие беретін білім ордасында ұстазбын. Жалпыұлттық референдумға қатысып, өз пікірімді білдіремін.
Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің экономикалық және экологиялық болашағына елеулі әсер етеді. Сондықтан барлық жерлестерімді еліміздің жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырамын.
Ырғыз ауданы.