Білім

Ембіде жаңа мектеп ашылды

Ембі қаласында 320 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, ұстаздар мен мектеп оқушыларын, ата-аналарды білім ордасының ашылуымен құттықтады.

Ембідегі №3 жалпы білім беретін орта мектептің бұрынғы ғимараты оқушыларға тым тар болатын. Үш қабатты жаңа мектептің жалпы аумағы — 2500 шаршы метр.Оқу кабинеттері, негізінен,екінші және үшінші қабаттарда болады. Бірінші қабатта арнаулы кабинеттер жабдықталған.

Мектептің ескі ғимаратында балалар үшін оқу кабинеттері аз еді, тарлық ететін. Ал жаңа ғимаратта оқу кабинеттеріне қоса, қыздарды қолөнерге, аспаздыққа, ал ер балаларды ұсталыққа тәрбиелейтін қосымша кабинеттер қаралған. Жаңа мектепте

қауіпсіздікке зор мән берілген. Мектепте 2 апаттық шығу есігі және 54 камера бар. Жаңа кабинеттердің бәрі де заманауи жабдықтармен жабдықталған.

13 мыңға жуық адам тұратын Ембіде 5 мектеп бар. Жаңа мектеп— солардың ішіндегі ең үлкені. Мұнда қазір66 мұғалім жұмыс істейді, 557 оқушы білім алады.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button