АЭСРеферендум

Қоғам пікірі қашан да құнды

Биылғы 6 қазан — еліміз үшін ең маңызды, тарихта қалатын күн.

Себебі бұл күні АЭС салу бастамасына байланысты халықтың ой-пікірі белгілі болады.

Жалпы, біз біртіндеп «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын тиімді пайдаланып бастадық. Яғни, елге қатысты әрбір маңызды мәселе қоғам пікірімен санаса отырып шешіліп жатыр.

Ал атом электр станциясының салынуына келсек, бұл бастама еліміздің экономикалық дамуына оң әсер ететіні анық.

Біз жан-жақты саралап, зерттеп, зерделеп еліміздің болашағына тиімді шешімді шығарамыз деп сенемін.

Ғалымдар мен сарапшылардың пікірін, зерттеулерін ескере отырып, дамыған мемлекеттердің жеткен жетістіктері мен тәжірибелерінен үлгі алып, шешім қабылдасақ, жаңылыспаймыз.
Барлық облыс жастарын таңдау жасап, ел болашағына бейжай қарамауға шақырамын.

Алтынзер АРАПШАҚЫЗЫ,
Ырғыз гимназиясының жас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button