АЭС
Алдымызда зор міндет тұр
Гүлсезім БАЗАРБАЕВА,
Белшер ауылдық кітапханасының кітапханашысы.
Ырғыз ауданы.
Жаһандық энергия тапшылығы жағдайында және ел экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып, атом энергетикасын дамыту маңызды қадам деп ойлаймын.
Бұл мәселе бойынша ұлттық мүдделерімізді және еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді шешім қабылдау өте маңызды. Бұл орайда өз Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу туралы нақты шешімді референдум аясында ел азаматтары шешетінін жеткізді.
Осы аптада біздің алдымызда зор міндет тұр. Ол — жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасау. Мен барша ақтөбеліктерді осы саяси науқанға белсенді түрде қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын.