АЭС

АЭС — болашақ кепілі

Дөңгелек үстел

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде осындай тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиынға оқу орнының ұстаздары мен студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелде радиология кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ерболат Ізтілеуов АЭС салуға қатысты өз көзқарасын жеткізді.

Бүгінгі таңда елімізді толғандырып отырған маңызды мәселе — АЭС салу. Меніңше, бұл тақырып осыдан он жыл бұрын қозғалуы керек еді. Себебі еліміз экономикалық тұрғыдан өркендеп келеді. Энергияға қажеттілік жыл сайын артып жатыр. Сондықтан осы мәселеге қатысты бір шешім шығарып, АЭС салуды бастау керек. Алдағы  онжылдықта бір АЭС аздық етеді, сондықтан кемі екі-үшеуін салған жөн. Қазіргі таңда жел, күн энергиясын қолдансақ та, АЭС сияқты ауқымды және үздіксіз түрде қуат беретін басқа балама көз жоқ. Осы ретте бір шешімге келуіміз керек, — деді Ерболат Ізтілеуов.

Шара барысында «Қазақстан студенттері Альянсының» Ақтөбе облысы бойынша төрағасы Темірлан Алдажаров және жалпы медицина факультетінің 2-курс студенті, «Жалын» пікірсайыс клубының мүшесі Сұлтанбек Қабдиманап өз ойларын ортаға салып, білім алушылардың атом электр станциясының құрылысына қатысты қойған сауалдарына тұшымды жауап берді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button