Басты жаңалықтар

Әлеуметтік сала және «Ауыл аманаты»

Жолдау

Облысқа жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова әлеуметтік нысандарды аралап,«Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушыларымен кездесті. Негізгі мақсат — Жолдауда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің жүзеге асырылу барысымен танысу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына ерекше басымдық берді. Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ел өңірлерінде аталған салада іргелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде өткен кездесуде вице-премьерге білім нысандарындағы цифрлық бағытта атқарылып жатқан істер туралы айтылды. Олар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мектеп асханаларында тамақтануды ұйымдастыруға бағытталған. Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап «әлеуметтік әмиян» тетігін енгізуді тапсырған болатын. Бұл жұмыс та аймақтарда белсенді іске асырылып жатыр. Ақтөбеде «әлеуметтік әмиян» тетігін бірінші кезеңде 68 мектепте енгізу жоспарланып отыр.

Президент Жолдауында балалардың мектепке дейінгі тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлінді. Балалардың мектепке даярлығын қамтамасыз ету үшін балабақшалар мен бастауыш сынып бағдарламасын үндестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар түрлі себептермен балабақшаға бармайтын балаларға кеңес беру орталықтары да ұйымдастырылған.

Тамара Дүйсеноваға балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою, оны есепке алу жүйесі таныстырылды. Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру аясында жан басына шаққандағы қаржыландыру стандартын отбасының нақты табысымен байланыстыру бағытында қаржылық модельді қайта іске қосу қарастырылған. Сондай-ақ балабақшаларды таңдаудың жаңа ваучерлік механизмін енгізу жоспарлануда. Бүгінде бұл механизм Таразда пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл тетік бойынша кезек балабақшалардағы орынға байланысты емес, жергілікті бюджеттен бөлінген ваучер бойынша қалыптасады. Яғни ваучер алған ата-аналар барлық талапқа сай, бос орындары бар балабақшаларды таңдай алады. Осылайша «ақша көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі» қағидаты жүзеге асырылады. Бұл механизмді республика бойынша іске асыру жоспарлануда.

Облыс педагогтерімен жүздескен вице-премьер Қазақстанда АЭС салу тақырыбына да тоқталды.

«6 қазанда атом электрстансасы құрылысына қатысты референдум өтеді. Қоғам арасында түрлі пікірлер айтылуда. Бұл мәселеге әлеуметтік сала тұрғысынан қарайықшы. Қазір елімізде 8 мыңға жуық мектеп, 6 мыңдайәртүрлімедициналықұйым, 10 мыңға тарта мектепке дейінгі мекеме бар. Олардың қатары өсе береді, сәйкесінше, электр энергиясына деген сұраныс арта бермек. Меніңше, атом электр стансасынан қорқудың қажеті жоқ. 1959 жылдан бері Алматы қаласында Ядролық физика институты жұмыс істеп келеді. Онда реактор орнатылған. Оның көмегімен ғылыми жұмыстар жасалуда. Бүгінге дейін оған қатысты еш шағым болған жоқ. Азаматтарбелсенділіктанытып, алдағыреферендумғақатысуғатиіс», — деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ вице-премьер жоғарыполитехникалық колледжінде болды. Мұнда дуальды оқыту әдіс ібелсенді түрде қолданылып келеді. Одан бөлек әзірленген цифрлық өнімдер сатылып келеді. Тамара Дүйсенова колледж студенттерімен тілдесіп, пікір алмасты.

Ақтөбеге жұмыс сапары барысында Тамара Дүйсенова өңірдің денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен де танысып, Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Вице-премьер «СТОФАРМ» ЖШС дәрілік заттар қоймасына барды. Мұнда дәрі-дәрмектерді таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда нысан таңбаланған дәрі-дәрмектердің 10 аталымын қабылдады. Тамара Дүйсеноваға мамандар оларды қабылдау және есепке алу процесін көрсетті.

Дәрі-дәрмектер қоймадан еліміздің батыс аймақтарындағы емдеу мекемелері мен дәріханаларға жеткізіледі. Ақтөбе қаласының №3 емханасының базасында Премьер-Министрдің орынбасарына ауруханаларды қабылдау процесі көрсетілді. Емдеу мекемесінің бас дәрігері Жәнібек Нұрмұхамедов тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде «әлеуметтік әмиян» тетігін енгізуді таныстырды.

Біздіңмақсатымызжүйеніңашықтығынқамтамасызету. Әлеуметтікәмиянныңтаңбалануыменқұралықаражаттыңмақсаттыпайдаланылуынқамтамасызетіпқанақоймай, қызметалушыдантікелейкерібайланысалуға, атапайтқанда, «әлеуметтікәмиян» азаматтарғамемлекеттікқолдаушараларынкөругежәнеолардыбағалауғамүмкіндікбереді,—депатапөттіТамараДүйсенова.

Аймақта жұмыс сапары аясында өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған жиын өтті. Негізгіталқыланғантақырып—МемлекетбасшысыныңҚазақстанхалқынаЖолдауындаберілгентапсырмаларыніскеасыру. Саланыцифрландыру—ерекшебақылауда.

Биыл жыл соңына дейін міндетті медициналық сақтандыру қорын цифрландыруды аяқтау жоспарланып отыр. Ал келесіжылдыңжоспарында—бірыңғайақпараттықжүйеніқалыптастыру.

Жиында міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне назар аударылды. Бұл мәселе бойынша Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады.

Еліміздіңәрбірсақтандырылғаназаматышегерімсомасықаншаболғанынақарамастан, барлыққажеттімедициналықкөмектіалуғатиіс. Бұлмәселегеәртұрғынныңқатысуымаңызды. Сондықтанөңірлердеазаматтардысақтандыружүйесінетартубойыншабелсендіжұмысжүргізіліпжатыр,—депатапөттіТамараДүйсенова.

Тамара Дүйсенова ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылармен кездесіп, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша аудан және ауыл әкімдерімен кеңес өткізді.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасын іске асыру нәтижелеріне оң баға берген болатын. Жоба аясында ауыл тұрғындары өз ісін ашу үшін жеңілдігі бар шағын несие алады, сондай-ақ бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін мемлекет қайтарымсыз гранттар береді.

Қобда ауданының тұрғыны Рәзия Ғалиева «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8,5 млн теңге несие қаражатын алып, тігін шеберханасын ашты. Мемлекеттік қолдау аясында бөлінген қаражатқа ол киім тігу мүмкіндігін кеңейтетін станок сатып алған. Қазір мұнда 16 адам жұмыс істейді. Олардың жартысы «Күміс жас» бағдарламасымен жұмысқа орналастырылыпты, бір қызметкер «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында келген.

Вице-премьер жобаға қатысып жатқан басқа да тұрғындармен кездесті. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасы түрлі салаларда бизнеспен айналысуға мүмкіндік берді.

Сапар аясында вице-премьер облыс аудандары мен ауылдарының әкімдерімен кеңес өткізді. Тамара Дүйсенова ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа тетік — тауарлық несиелеу енгізілуде. Ақтөбе облысында бұл әдісті тараптарды сақтандыру арқылы сүйемелдеу туралы шешім қабылданды. Осылайша несие беруші үшін де, оны алушы үшін де тәуекел алынып тасталады. Осылайша 100-ден астам ірі қара мен 4,5 мың қой сатып алуға ақшалай қаражат берілді.

Тамара Дүйсенова аталған тәжірибені кеңінен қолдануға шақырды. Жиында басқа облыстардың да кейстері ұсынылды. Мәселен, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында өңір әкімдігі мен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» компаниясы арасында жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерін пайдалану туралы меморандумға қол қойылған еді. Облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов алғашқы нәтижелермен бөлісті. Оның айтуынша, компания 500 келіден астам сары май мен 170 мың жұмыртқа сатып алған. Ет өнімдерін жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

— Біздің міндетіміз — ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Несиелік қаражатқа өз ісін ашқандар үшін өнімді сату мәселесі маңызды. Батыс Қазақстан облысының тәжірибесін басқа аймақтарда да қолдануға болады. Бұл барлық тарапқа тиімді. Компания таза әрі сапалы өнім сатып алады, ауыл тұрғындары өнімін өткізу мәселесіне алаңдамайды,— деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

primeminister.kz

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button