АЭС

Жаһандық жылынуды тежейді

Ақтөбедегі «Белсенді өмір сүру» орталығында атом электр станциясын салу мәселесін талқылаған жиын өтті. Жиынға қатысушылар елімізде 6 қазанда өтетін АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдумның маңыздылығы мен атом электр стансасының пайдасы туралы айтты.

Іс-шараға физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жайшылық Сартабанов, Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты Қайырбек Таханов, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің аға оқытушысы, философия ғылымының магистрі Айнұр Жанғалиева, сондай-ақ аталған орталықтың өкілдері қатысты.

Қайырбек Таханов:«Бұл бастама ел экономикасының энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету және энергетикалық тәуелсіздікті нығайту мақсатында қолға алынған», — деді.

Профессор Жайшылық Сартабановтың айтуынша, АЭС — парник газдарын шығармайтын тиімді құрылыс, ол жаһандық жылынуға қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Атом энергетикасы мен басқа да «жасыл» энергия көздеріне көшу көмірқышқыл газын 70 миллион тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
—  Оңтүстік өңірдесу, жарық, жылу энергиясының жетіспеушілігін көріп отырмыз. Бұл аймақтарда электр энергия өндірісі — 2 100 мегаватт. Ал тұтынатын энергия көлемі — 4 300-4 400 мегаватт, биыл қыста 4 500 мегаватқа жетуі мүмкін. Бұл жағдай бізді үлкен қиыншылыққа әкелуі ықтимал, — деді ол.
Атом энергиясыҚазақстанның экономикалық әлеуетін арттырады, тұрақты қуат көзі инвесторларға сенім ұялатса, тұрғындар үшін жұмыс орындарының ашылуымен тиімді дейді жиынға қатысушылар.

Халық арасында «жасыл» энергияны қуат көзіне айналдыру керек деген пікір көп айтылады. Жасыл энергия көздері саналатын күн сәулесі мен жел үздіксіз болмайтындықтан, ол тұрақты энергия көзі бола алмайды әрі сапасыз және қымбатқа түседі. Жаңартылатын көздер, мысалы, күн батареялары мен жел турбиналарын аккумуляторлармен бірге қолдану керек. Бірақ оларды орнатқанда, күн жоқ кезде және жел соқпаған кезде энергия болмайды. Осыны түсінген абзал. Дегенмен нақты шешімді халық өзі таңдайды, — деді М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің аға оқытушысы, философия ғылымының магистрі Айнұр Жанғалиева.

Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button