Жаңартылған энергия көзі: үлес пен үміт
Атом электр стансасын салу жөніндегі референдум бойынша халыққа нақты ақпарат беру үшін Энергетика министрлігінің сарапшылары облыстық халықтық штаб мүшелеріне семинар өткізген болатын. Министрліктің Ядролық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері Данияр Жансейітов бұл нысанды салудың маңыздылығына кеңінен тоқталған еді.
Электр энергиясы деффициті — 3 миллиард киловатт/сағат
Бізге атом электр стансасы не үшін керек? АЭС туралы әңгіме айтылғанда, неге біз жел мен күн электр стансаларын дамытпаймыз деген сауал көп қойылады.
Қазіргі уақытта электр қуатының тапшылығы елдің оңтүстік аймақтарында байқалады. Бүгінде бұл өңірлердегі электр қуатының тапшылығы солтүстіктен келетін ағынмен жабылуда. Бізде осы жылдың өзінде 3 миллиард киловатт сағаттан астам электр энергиясының деффициті бар. Біз осы мөлшердегі энергияны көршілес Ресей мен Қырғызстан елдерінен сатып алып отырмыз.
Қазір біздегі электр энергиясын өндіретін станциялардың 70 пайызы көмірмен жұмыс істейді. Ол, біріншіден, ауаны ластайды. Соның салдарынан 120 миллион тоннаға дейін ауыр металдардан қалдық ауаға шығарылады.
Қазақстанда 360 жылға жететін көмір қоры бар. Бірақ Париж конвенциясына сәйкес 2060 жылға дейін ауаға шығарылатын көмірқышқыл газдың мөлшерін нөлдік деңгейге жеткізуіміз керек. Сол себепті біз көмірді пайдаланатын стансаларсала алмаймыз. Өйткені бұл бізге болашақта тиімсіз болады. Сол себепті біз көмірді алмастыруымыз қажет. Ол үшін елімізге тұрақты электр энергиясының көзін беретін жаңа генерация көздері керек. Оның бірден-бір шешімі — атом электр станциясы. Сол себепті біз өзіміздің энергетикалық қауіпсіздігімізді болашақта қамтамасыз еткіміз келсе, деффицитті жоюымыз қажет. Себебі энергия көзіне деген деффицит 2035 жылға дейін 3-4 есе өсе береді.
Энергия тәуелсіздігін қамтамасыз етеді
Атом электр станциясы — жаңа генерация көздерінің бір элементі. Дегенмен олда энергетика саласы айналасындағы барлық проблеманы шешіп бере алмайды. Бұл — осындай проблеманы шешудің бірден-бір жолы, амалы. Атом электр стансасын салу — экономикалық тұрғыдаең тиімді шешім.
Бүгінде бізде 3 гигабайтқа дейін электр қуатын беретін күн және жел электр стансалары жұмыс істеп тұр. Одан бөлек газ электр стансаларын қосу жоспарда бар. Қазір мұндай нысанның үлкені Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында салынып жатыр. Бірақ та елімізді тұтастай газ электр стансасын салып, қамтығанмен, керекті электр қуатын өндіретін газдың мөлшері жеткіліксіз. Сол себепті біз үлкен жоспарларда газ электр стансаларын салуды ондай масштабта қарастыра алмаймыз.
Жоғарыда атап өткенімдей, қазіргі уақытта елімізде электр энергиясын өндірудің негізгі көзі — көмірмен жұмыс істейтін зауыттар. Олардың үлесіне елдегі өндірілетін электр энергиясының шамамен 70 пайызы келеді. Электр энергиясын тұтынудың жылдық өсімі 3 пайызды құрайды, бұл ретте станциялардың көпшілігі 70 пайыз тозған. Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр қуатын тұтыну 152,4 миллиард киловатт-сағатқа жетеді, ал жұмыс істеп тұрған станциялар бар болғаны 135 миллиард киловатт-сағат өндіре алады.
Атом электрстанциясыныңқұрылысымынадаймүмкіндікбереді. Біріншіден, нарықтағы электр энергиясының тапшылығын өсіп келе жатқан қажеттіліктермен және тозуға байланысты азайып бара жатқан генерацияланған жабдықпен толтыру. Екіншіден, электр энергиясының қалыптасқан тапшылығына байланысты тарифтердің сөзсіз өсуіне қарсы әрекет ету, үшіншіден — көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларының жоғары уыттылығына байланысты экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ көршілес электр энергиясын жеткізушілерден еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.
Нақты қадамдар, жаңа жоспарлар
Атом электр станциясы — «жасыл энергетиканың» бір элементі. Бірақ бізге «жасыл энергетика» дегенде, бірінші болып күн мен жел электр стансалары есемізге түседі. Ол — жаңартылған энергия көздері. Қателеспесем, осы мерзімге дейін 10 гигабайтқа жуық жаңа электр станциялары іске қосылды.
Бұл мәселелерді шешу үшін қазірдің өзінде белгілі қадамдар жасалды. 2035 жылға қарай елімізде 26,5 млрд кВт/сағ жаңа қуатты іске қосу жоспарлануда. Осыған байланысты жаңартылатын энергия көздері секторы белсенді дамып келеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жаңартылатын энергия көздерінің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 6,5 пайызға жетті. Дегенмен жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы ілгерілеушіліктерге қарамастан, олардың тұрақсыздығына байланысты энергияның негізгі көзі ретінде қарастыруға мүмкіндік бермейді. Күн және жел электр станциялары ауа райы жағдайына тәуелді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Сонымен бірге экологиялық стандарттарды нығайту көмір мен газ өндіруді дамытуға шектеулер тудырады. Бұл жағдай жаңа тұрақты және экологиялық таза энергия көзінің қажеттілігін тудырады.
Баламалы энергия — экологиялық таза өнім
Бізде кеңес заманынан бері қалыптасқан жүйе бар. Яғни солтүстік өңірде орналасқан станциялар 70-80 пайыз электр қуатын өндірсе, ал тұтынудың 70 пайызы оңтүстік өңірге тиесілі. Яғни еліміздің солтүстік өңірі электр қуатын шығарса, өнімді тұтынушылардың басым бөлігі — оңтүстік аймақтар. Сондықтан солтүстік пен оңтүстік өңірлерде электр желілері бір-бірімен қосылған. Батыс өңірінде, оның ішінде Ақтөбе аймағы да бір-екі жылдықта сол жүйеге қосылды. Ал Орал, Атырау, Маңғыстау өңірлері — ол бөлек жүйе. Батыста профицит бар. Яғни деффициттің барлығы оңтүстік өңірде, бірақ оның өзінде батыстың профициті мен солтүстікте өндірілген профицит оңтүстіктің деффицитін жоюға қауқары жетпейді. Сондықтан амалдың жоқтығынан біз көрші елдерден электр көзін алуға мәжбүрміз.
Бүгінгі таңда атом энергиясының негізгі экологиялық таза баламасы — күн, жел және су энергиясы сияқты жаңартылатын энергия көздері. Бұл технологиялар көмірқышқыл газының төмен шығарындыларына ие және атом электр станцияларымен салыстырғанда апаттық қауіп тұрғысынан айтарлықтай төмен.
Алайда олардың елімізде қолданылуының шектеулері бар. Мысалы, күн және жел энергиясы табиғи жағдайларға тікелей байланысты, ал тұрақты энергиямен қамтамасыз ету энергияны сақтау инфрақұрылымы мен желілеріне айтарлықтай инвестицияны қажет етеді. Сондықтан тұтастай алғанда жаңартылатын энергия көздері атом энергиясы сияқты тұрақтылық пен қуатты қамтамасыз ете алмайды.
Сондықтан атом электр станцияларын энергияның сенімді балансын қамтамасыз ету және көміртегі салдарын азайту үшін жаңартылатын энергия көздеріне қосымша ретінде қарастыруға болады.
Жазып алған Арайлым НҰРБАЕВА.