Тұмаудан сақтаныңыз!
Былтырғы күзден басталған эпидемиялық маусым кезеңінде облыста 407 мыңнан астам адам суық тигеннен болатын вирусты инфекцияға шалдыққан.
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың қатысуымен өткен баспасөз жиынында айтылды.
Жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандардың 61пайызы немесе 250 мыңнан астамы — 14 жасқа толмаған балалар. Ал жүкті әйелдер арасында1819 жағдай тіркелген.
Зерттеуге алынған 2 мыңнан астам науқастың ішінде 10 адамнан А типті тұмау анықталған. Олардың 9-ы — Ақтөбе қаласының, біреуі — Алға ауданының тұрғыны. 473адам пневмония дерті бойыншаауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 3 адам жансақтау бөлімінде ем алды.
Сондай-ақ биыл тұмауға қарсы 186 мыңға жуық адамға вакцина егу жоспарланған. Вакцина егу науқаны 15 қыркүйектен басталады.
Тұмаудың алдын алу үшін мамандар жұртшылықты бетпердемен жүруге, басқа да профилактикалық шараларды қатаң ұстануға шақырып отыр.
Тұмауға қарсы вакцинация алу үшін қалалық және аудандық емханаларға хабарласу керек.
А.САРЫБАЙ.