Білім

Бастауыш сынып мұғалімі

Ұстаз

Әл-Фараби атындағы №21мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, білікті маман, шебер ұстаз Маясарова Рабиға Мұханбетқызы қазіргі таңда зейнеткерлік жасқа жетті.

Оны ұжым болып және бастауыш сынып бірлестігі шын жүректен құттықтаймыз. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Мектептегі білім мен тәрбие беру негізі бастауыш сыныптардан басталады. Бастауыш сынып мұғалімі пән оқытушы ғана емес, ол — бағбан, баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, қорғанышы деуге болады.

Қазіргі балалардың таным белсенділігі мен қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін білім беруде орынды пайдалансақ, ол өзінің сипатын береді. 40 жылдан аса еңбек еткен ұстазымыздың еңбегі ұшан теңіз.

Мұғалім кез келген жағдайларда ұстамды, шыдамды, әділ, сезімтал әрі мейірбан болуы керек, яғни өз қызметі және оқушылармен қарым-қатынас жасау барысындағы мінез-құлқын үнемі бақылап отыруға тиіс. Шәкіртіне сапалы білім беру үшін мұғалімнің өзі сыртқы сұлулықты ішкі рухани сұлулықпен үйлестіре алуы керек. Міне, Рабиға Мұханбетқызы — осындай тұлға. Бастауыш мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда мұғалімнің атқарған рөлі зор болды. Бірнеше дүркін сынып оқушыларын оқытып, жоғары буынға жеткізді.Ата-аналарға да беделді,сынып жетекшісі еңбегін қоса айтсақ, оқушылары еліміздің маңызды қалаларында тынбай еңбек етіп жүр.

Бастауыш мектеп — оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, жауапты жұмыс. Осы жауапты істі бар ынтасы мен жасаған ұстазға алғысымыз шексіз.

Айнұр ТАКЕНОВА,

Әл-Фараби атындағы №21мамандандырылған гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші ұстаз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button