Түпкілікті шешімді халықтың өзі қабыдайды
Мәлік Төлепбергенов,
Бегалы ауылдық округінің әкім,і
Қобда ауданы
2024 жылғы 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті ҚасымЖомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Бұл еліміздің болашақбағдарын қамтыған ауқымы кең, мазмұны терең Жолдау болды. Жалпы, әр Жолдау – алға деген қарқынды ұмтылыс.
Президент лауазымына кіріскен күннен бастап, Қасым-Жомарт Кемелұлы ауқымды стратегиялық реформаларды қолға алған болатын. Бүгінгі Жолдау – сол реформалардың заңды жалғасы. Осылайша, Мемлекет басшысының экономика, саясат пен идеология саласын қатар реформалауға бағытталған стратегиялық бағдары үздіксіз іске асып келеді. Мемлекет басшысы халықты толғандырған ең
маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше мән беріп отыр. Соның ішінде «Жайлы мектеп» жобасына жеке тоқталды. Сондай-ақ Жолдауда бұқаралық спортты дамытуға да ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы осы саланы реттейтін заңнаманы жаңартуды тапсырды.
Қоғамда АЭС салу мәселесі осы кезге дейін жан-жақты талқыланып келе жатқан. Мемлекет басшысы Жолдауда осы тағдыршешті мәселеге де арнайы тоқталып, 6 қазан күні АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы мәлімдеді. Ал түпкілікті шешімді халықтың өзі қабылдайды. Бұл – Мемлекет басшысының берік ұстанымы.
Әлемде, Қазақстанда түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Президент айтқандай, Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстан құру жолы. Біз осы алған бағытымыздан таймауымыз қажет. Заң мен тәртіп үстемдік құрып, бірлігі бекем біртұтас ұлтқа айналуымыз керек. Бұған Мемлекет басшысының кешегі
Жолдауында көтерілген бастамалар мен қойылған міндеттердің орындалуы нақты мүмкіндік беретініне сенімдімін.