АЭС

АЭС — экологиялық тиімді энергия көзі

Қайырбек ТАХАНОВ,
Ақтөбе қалалық маслихатының депутаты:

— Бүгінде елімізде энергия көзі қанша тапшы екені туралы нақты статистикалық дерек жоқ. Алайда, Ресей мен Қырғыстаннан сатып алып жатқан энергия көзі тәуелсіз еліміздің экономикалық тұрғысынан тиімсіз екені белгілі. Әрине, әрбір адамның таңдауы бар. Бірақ, Қазақстанның әрбір азаматы “АЭС қажет пе?” деген сұраққа нақты жауап алу үшін барлық артықшылықтар мен қауіптерді мұқият таразыдан өткізу керек. Мәселен, мен үшін атом стансасы экологиялық таза энергия болғандықтан құрылыстың қадамын қолдаймын. Атом энергиясы көмір мен газға қарағанда әлдеқайда экологиялық таза, өйткені парниктік газдардың бөлінуі азаяды екен. Осындай ақпараттарды халыққа мейлінше дұрыс жеткізілуін қадағалауымыз керек деп ойлаймын. Қазақстан халқы күннен күнге артып келеді. Сәйкесінше халықтың энергия көзіне қажеттілігі арта береді. Бұл құрылыс бүгін-ертең басталып, аяқталатын жұмыс емес. АЭС алғашқыда салу шығындары қымбат болғанымен, оның ұзақ мерзімді экономикалық тиімділігі жоғары. Біз бұл арқылы энергетикалық тұрақтылықты сақтаймыз. АЭС үзіліссіз жұмыс істей алады және жаңартылатын энергия көздеріне қарағанда ауа-райына тәуелсіз. АЭС-пен бірге басқа да ғылымдарды дамытамыз. Әрі қарай осы салада тәжірибеміз ұлғая түседі. Сондықтан АЭС — болашақтың бүгінгі баспалдағы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button