АЭС

АЭС — экологиялық тәуекелге бетбұрыс

Темірлан АЛДАЖАРОВ,
Қазақстан студенттері Альянсының
Ақтөбе облысы филиалының төрағасы.

АЭС құрылысы — күрделі және көп қырлы мәселе. Қазақстанның энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, АЭС маңызды рөл атқара алады. Ядролық энергия тұрақты және көмірқышқыл газының шығарылуын азайтатын таза энергия көзі болғандықтан, бұл климат өзгерістерінің алдын алуға көмектеседі. Осы тұрғыдан алғанда экология және қауіпсіздіктің алдындағы тәуекеліміз маңызды болу керек. Себебі апат орын алған жағдайда олардың салдары өте ауыр болуы мүмкін. Қазақстанда АЭС құрылысы елдің энергетикалық тәуелсіздігін арттырып, өнеркәсіптік даму мен энергия тұтыну қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік беретін нысан. Алайда, АЭС жобаларына қатысты халықтың пікірін ескеріп және қауіпсіздік шараларын жетілдіру аса маңызды.
Атом электр станциясы Қазақстанға бірнеше маңызды мүмкіндіктер береді.
Ол тұрақты және сенімді энергия көзі болғандықтан, жыл бойы үздіксіз жұмыс істей алады. Сондай-ақ энергия импортын азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанның уран қоры әлемде ең ірілердің бірі болғандықтан, отынның қолжетімділігі де ел үшін тиімді. Одан бөлек көмірқышқыл газын шығаруды азайтады. Ядролық энергия парниктік газдар шығарындыларын азайтуға жол ашады. Бұл Қазақстанның климат өзгерістеріне қарсы күрестегі міндеттемелерін орындауға көмектесіп, экологиялық әсерді төмендетеді. Бұл құрылыс аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылым дамып, жаңа технологияларды енгізуге жағдай жасайды. АЭС құрылысы еліміздің ғылыми және инженерлік әлеуетін арттыратыны даусыз. Экономикалық дамуына тоқталатын болсам бұл — диверсификацияланған энергетикалық жүйе. Яғни энергетика көздерін әртараптандыруға көмектеседі. Бұл энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты арттырады. Дегенмен, осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін қауіпсіздік, қаржыландыру және экологиялық мәселелерді мұқият қарастыру қажет.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button