АЭС

Ел игілігі үшін жасалып жатыр

Гүлнар СЕЙТАЛИНА,
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі ұлғайғандықтан, жаңа қуаттарды енгізу қажетігі заман талабы екендігін атап өткені белгілі. Осы орайда Президенттің: «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек», — деген пікірімен қосыламын.
Жалпы, қазір дамыған және дамушы елдерде 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс жасап тұр. Бұл ең алдымен энергетикалық тәуелділіктен құтқарады және жаңа жұмыс орындарының санын арттырады. Ел игілігі жолындағы батыл қадам бізде де іске асуы керек деп есептеймін. Бірақ бұл — менің жеке пікірім.
Бір анығы, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, өңірдің мәдени және шығармашылық саласын дамытуға күш салатын Сағи Жиенбаев атындағы кітапхана ұжымы 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумды бірауыздан қолдап, қатысатынын айтқым келеді. Біз, мәдениет саласының өкілдері кез келген қоғамдық шарадан тыс қалмай, өз үнімізді білдіруге қай кезде де мүдделіміз. Ақтөбеліктерді де осы істен тыс қалмауға шақырамын.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button