АЭС

Жастар пікір алмасты

Сейсенбі күні А.Досжанова атындағы конференц-холда М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері елімізде АЭС салуға қатысты пікірлерін ортаға салды.
«Қазақстан студенттерінің Альянсы» облыстық филиалы ұйымдастырған басқосуда атом энергиясының маңызы мен артықшылықтары талқыланып, атом электр стансасының экономикаға тигізер пайдасы туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ экология және қауіпсіздік мәселелері де көтерілді.
Басқосу соңында студент жастар 6 қазанда өтетін республикалық референдумға белсенді түрде қатысатындарын жеткізді.

— 6 қазанда өтетін референдумның маңызы зор және оның ел болашағына әсері мол. Референдумда халықтың дұрыс таңдау жасауы маңызды. Қоғамдық талқылаулардан көргеніміздей, атом электр стансасын салуды қолдаушылар да, оған қарсылар да бар. Бұл қоғамның заңды құбылысы және әркімнің өз саяси таңдауын жасауға құқығы бар. Қазіргі таңда біздің елімізге қажетті нәрсе — энергия көзі. Атом электр стансасы – энергия көзін өндіретін ең жоғары мүмкіндік. Сондықтан біз бұл бастаманы қолдаймыз, — дейді «Қазақстан студенттерінің Альянсы» облыстық филиалының төрағасы Темірлан Алдажаров.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button