Тағзым

Еңбегімен ел таныған азамат

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген заңгер, құрметті судья және Парламент Сенатының депутаты болған елдің белгілі азаматы Иран Әмірұлы Әміровтың өмірден озғанына биыл 10 жыл толды.

Иран Әміров көзі тірі болғанда бүгінде 80 жасқа толар еді.

Мемлекеттік және қоғам қайраткері Иран Әміров 1944 жылы 15 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойнша тәмамдаған Иран Әмірұлы 1970-1973 жылдары Ақтөбе қалалық сотының халцық судьясы, 1973-1975 жылдары Фрунзе аудандық халық сотының, 1975-1980 жылдары Октябрь аудандық халық сотының судьясы, әр жылдары Октябрь, Алға аудандық және қалалық соттарының төрағасы қызметін атқарып, 1995-2004 жылдары Ақтөбе облыстық сотының төрағасы лауазымында болған, осылайша 30 жылдан астам өз қызметін сот жүйесіне арнады.

2004 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы ретінде сайланған.  Сенаторлық қызметімен бірге, Иран Әмірұлы ҚР Жоғарғы Сот Кеңесіне, заң жобасы қызметі мәселелері жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияға төрағалық еткен.

Елімізге сіңген ерен еңбегі үшін «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, ТМД Парламентараралық Ассамблеясының «Содружество» орденімен , «Үш би» құрмет белгісімен марапатталып, Ақтөбе облысының құрметті азаматы атанған.

Ұзақ жылдар облыстық соттың сот жүйесінде қызмет атқарып, қатардағы судьядан облыстық соттың төрағалығына дейінгі жолдан өткен ол замандастарының жадында кәсіби біліктілігімен, ісіне адалдығымен  сақталып қалды.

2019 жылы Ақтөбе облыстық соты ғимаратында Иран Әміровтың құрметіне мемориалдық ескерткіш-тақта орнатылып, сот отырысы залына Иран Әміровтың есімі берілді. Иран Әміровтың сан жылдар бойғы жұмысы қызметтік міндеттерін мінсіз орындаудың шынайы үлгісі болып табылады.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы

Айдар Смағұлов

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button