АЭС

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қадам

Самат КҮМІСПАЕВ,
М.Оспанов атындағы БҚМУ-дың
қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерге сай, еліміздің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін жаңа тетіктерді қарастыруға, жаңа инвестициялық кезеңді бастауға және экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аудару керек.
Осы тұрғыдағы маңызды мәселелердің бірі — атом энергетикасын дамыту. Соның ішінде атом электр стансасын салу жайы соңғы бір жыл ішінде қоғамда кеңінен талқыланып келеді. Президент Жолдауында бұл мәселенің халықпен бірлесіп шешілетіні, биылғы 6 қазанда жалпыұлттық референдум өтетіні атап көрсетілді. Алдағы референдумда азаматтар жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауы керек.
Мамандар атом электр стансасының ең алдымен экономиканы дамыту, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажеттігін алға тартып отыр. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — тәуелсіздікті нығайта түсу жолындағы аса маңызды қадам. Атом электр стансасы ғылым мен технологияның ілгерілуіне де зор серпін береді.
Түптеп келгенде, бұл ең басты мақсат — халықтың өмір сапасын жақсартып, Қазақстанның халықаралық аренадағы орнын нығайтуға, болашақты баянды етуге бағытталған қадам болмақ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button